©2018 Учебные документы
Рады что Вы стали частью нашего образовательного сообщества.

Оныншы. Ауыл шаруашылығын дамыту - «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы


Оныншы. Ауыл шаруашылығын дамыту


Қазақстанның аграрлық секторының экспортқа тауар шығаруға мүмкіндіктері көп және инновацияларды енгізу әлеуеті мол. Индустриаландыру картасының жүзеге асырылған жобаларының үштен бір бөлігінен көбі АШК-ға тиесілі. Ауыл шаруашылық экспортының шикізатқа бағытталу үдерісі бәсеңдеп келеді. Ұнды экспортқа шығару бойынша Қазақстан әлемдік көшбасшыға айналды. 2010-2014 жылдарға арналған АШК дамыту бағдарламасы 8 негізгі бағыт бойынша технологиялық жетістікке жетуді көздейді. Елдің азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі оңтайлы шешілуде.

Президент Жолдауында келесі басым бағыттарға ерекше назар аударды:

- астық саласында мемлекеттік серіктестікке негізделген біртұтас астық холдингін құру арқылы және астық өндірісі мақсатына жетуде біртұтас операторының міндеттерін анықтау. (Соның ішінде, бұл орталықтандырылған түрде астықты экспортқа жіберуге және оны демпингілік бағамен сатудан қорғайды);

- ет өндірісін экпортқа шығару әлеуетін өсіру («Ірі қара мал ет өнімінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы 5 жылдан кейін 60 мың тонна етті өндіруді көздейді);

- мал өндірісінің басқа салаларының белсенділігін арттыру, соның ішінде қой шаруашылығы, жем өндірісі және шалғайдағы мал шаруашылығы.

Ауыл кәсіпкерлеріне қолдау көрсету мақсатында ауыл шаруашылық өндірісіне салынған жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендету үшін заемдерға кепілдеме беру және сақтандырудың мемлекеттік жүйесі жасалып, іске асырылады. Шаруалардың қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту мақсатында басқа да амалдар қарастырылуда.

Үкіметке ауыл шаруашылық өнімдерінің делдалдарсыз жеке саудасын мемлекеттік қолдау тетігін жасап, іске қосу тапсырылды.

Елімізде ауыл шаруашылық өндірісінің жалғасы ретінде қайта өңдеу жүйесін қалыптастыру керек. Осылайша «қосылған құн тізбегі» ұзартылмақ.

АШК-да жасалған нысандардың тиімділігіне және ауыл шаруашылық өндірісінің өнімділігін көтеруге ерекше назар аударылды.

III. ҚОРЫТЫНДЫ


Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы мемлекеттің дамуының тек қана тактикалық емес, сонымен қатар стратегиялық міндеттерін анықтайды. Сондықтан партия және мемлекет еліміздің болашақ дамуының идеологиясын тек үстіміздегі жылда ғана емес, сонымен қатар кем дегенде алдағы онжылдықта насихаттауы керек.

Аталмыш Жолдаудың сөзсіз басымдығы – ұлттық басымдықтар құрылымында экономикалық және әлеуметтік мәселелер өзара тиімді үйлестірілген.

Елбасы осы Жолдауында үстіміздегі онжылдықтың негізгі міндеттерін халықтың әл-ауқатын арттыру мәселесімен ұштастыру керек екенін айтты. Яғни экономика дамуының тиімділігінің белгісі қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейінің өсуі болуы керек.

Қосымша



4. ТҰРҒЫНДАРҒА МЕМ­ЛЕ­КЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ

САПА­СЫН АРТТЫРУ


МІНДЕТТЕР:

- мемлекеттік қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімін арттыру.

ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ:

1. 2012 жылдың аяғына дейін әлеу­меттік маңызы бар мемлекеттік қызмет­тердің 60 пайызы, соның ішінде лицензиялардың барлық түрлері,

тек қана элек­тронды түрде болады

.

2.

Рұқ­сат ету құжаттарының тізімі

қа­зірдің өзінде 30 пайызға қыс­қартылды. Лицензиялар мен рұқ­сат ету қағаздарының барлық түр­лерінің үш­тен бірін қысқар­татын заң жобасы дайындалды. Келесі қадам – рұқсат ету заң­на­­масының жаңа қағидаттарын енгізу.

3. 2013 жылдан бастап барлық рұқсат етушілік құжаттарды қазақстандықтар

электронды түрде немесе Халыққа қызмет көрсету орта­лық­тары арқылы

алуға тиіс.

4.

Авто­көлікті тір­кеу және жүргізуші куәліктерін тапсыру

Халыққа қызмет көрсету орта­лық­тарының қарауына беріледі.

5.

Барлық қазақстандықтардың ақпараттық технологияларды белсенді түрде игеруі.

МІНДЕТ

:

Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі

ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ:


?


ognezashitnij-sostav.html

ognuno-di-noi-conosce-il.html

ogolcova-e-g---istoriya-i-2.html

ogoloshennya-pro-3.html

ogon-prekrashaetsya-po.html